«РубиКОМ» компаниясы ең таңдаулы ет жеңсік астары мен шұжықтарын гурмандар таңдауына ұсынуына 15 жыл толып отыр. Бүгінгі күні біздің кәсіпорын Қазақстандағы жоғары сапалы натуралды ет өнімдерін өндіруде көшбасшылардың бірі болып табылады. Көп жылдан бері марканы жоғары деңгейде ұстау технологиялық тәртіпті қатал сақтау және сапа бақылаудың қатал жүйесі мүмкіндік береді. «РубиКОМ» ет өңдеу зауыты - маңызды бөлігі бірегейлі және Қазақстан Республикасында ұқсастары жоқ еуропа өндірушілерінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған өте үлкен кешен. Барлық технологиялық үрдіс автоматтандырылған, компьютерленген және дүниежүзілік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

Мұндай техникалық база өнімнің үлкен көлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал таңдаудың кең жиын түрлілігі - біздің ерекше мақтанышымыз. Қазіргі уақытта «РубиКОМ» сауда маркасымен пісірілген, жартылайқақталған, пісірілген қақталған шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельки және алуан түрлі жеңсік астар 150 түр шамасында өндіріледі. «РубиКОМ» компаниясы Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып ет жартылай фабрикаттарының өндірісін дамыта бастады. Бүгінгі күні бұл кәсіпорынның басымдылық бағыттарының бірі болып табылады.

Комбинаттың барлық өнімі «РубиКОМ» өздік мал өсіру кешені қамтамасыз ететін жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. Рецептурада денсаулыққа қауіпті ауыстырғыштар мен қосындылар, химиялық консерванттар мен бояғыштар толығымен жойылған. Өндірістің барлық кезеңдерінде цехтен қоймаға дейін қатал ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізіледі.

«РубиКОМ» компаниясы өндіретін шұжықтар мен жеңсік астар керемет дәмі мен жоғары сапасы үшін Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды және Ақмола облыстары қолданушыларының сүйіспеншілігіне ие болды. «РубиКОМ» өнімі «Astana Food» және «AgroProdExpo» мамандырылған көрмелер мадақтаулармен бірнеше рет марапатталған.

Ет өндіру комбинаты сапа менеджменті жүйесін сертификаттап, ИСО 9001 халықаралық стандарттың жоғары талаптарына сәйкестігін дәлелдеді.

Жоғары мамандырылған мамандар, сапа бақылаудың нақты жүйесі, заманауи жабдықталуы, кең жиын түрлілігі, сенімді партнерлер - «РубиКОМ» ет өндіру комбинатына Қазақстан нарығында өсіп өркендеуіне, ең бастысы, болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін табыс факторлары болып табылады!